ArcelorMittal компаниясының басшылары мен "Қорғау" көмір кеншілері кәсіподағы арасында келісімге қол жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ArcelorMittal компаниясының басшылары мен "Қорғау" көмір кеншілері кәсіподағы арасында келісімге қол жеткізілді

ArcelorMittal компаниясының басшылары мен "Қорғау" көмір кеншілері кәсіподағы арасында келісімге қол жеткізілді

Қарағанды. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ArcelorMittal компаниясының басшылары мен "Қорғау" көмір кеншілері кәсіподағы арасында келісімге

  • 28 Қаңтар 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz


Қарағанды. 28 қаңтар. «Қазақстан Бүгін» — ArcelorMittal компаниясының басшылары мен «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағы арасында келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне «Қоргау» көмір кеншілерінің кәсіподақ төрағасы Марат Мірғаязов хабарлады.

М. Мірғаязовтың сөздері бойынша, кездесу кезінде көмір кеншілерінің еңбек ақысын 50 пайызға көтеру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Алайда, М. Мірғаязов атап өткеніндей, еңбек ақы сараланған түрінде беріледі.

Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы хабарлағанындай, келіссөздер кезінде көмірдің өзіндік құнын жоғарлату жөнінде келісімге қол қойылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қарағандады 24 қаңтарда кеншілердің «Қорғау» кәсіподағы және ArcelorMittal компаниясының басшылары арасында келіссөздер басталды.

Келіссөздер кезінде кеншілердің бірқатар алдыға қойған талаптары қарастырылды. Онда еңбек ақы мөлшерін 50 пайызға жоғарлату, зейнеткерлікке 50 жаста шығу жөнінде, денсаулығының нашарлауына байланысты еңбекке жарамсыз қағазы бойынша төлемақыны 100 пайызбен беру, шахталардың қатты газдандырылуынан лава жүктемесе төмендетіліп, шығарылатын көмірдің жоспарлық өзіндік құнын $60 көтері жөнінде мәселелер қарастырылды. Ал еңбек ақы мөлшерін өсіру басты мәселелердің бірі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті