Ардагерлер Гитлер туралы жазған журналды өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ардагерлер Гитлер туралы жазған журналды өртеп жіберді

Ардагерлер Гитлер туралы жазған журналды өртеп жіберді

Қоғамды қақ жарған “Аңыз Адам” журналының талқысы бүгін әбден шектен шықты. Жеңіс мерекесінің қарсаңында Гитлерге тұтастай санын арнады деп аттай тулаған тарап, бүгін журналды ел көзінше өртеп жіберді. Ал бас редакторы Жарылқап Қалыбай бұл мақала мазмұнын түсінбейтін тараптың арандатушылығы дейді. “Аңыз Адамға” аты дардай қайсы қайраткерлеріміз ара түсті, журналдан Гитлерді дәріптейтін қандай тың ақпарлар табылды? Бұл сұрақтардың жауабы Нартай Аралбайұлының бейнематериалында.

  • 22 Сәуiр 2014
  • 341
Фото - Caravan.kz

“Аңыз Адам” журналы бұрын соңды бұлай мәшһүр болмаған шығар. Ақпарат құралдарының барлығы Гитлерді аңыз қылған журналды біреу жерден алып жерге салса, екінші тарап әбден ақтап әлек. Фашистік режимнің көсемін “Аңыз Адамның” мұқабасына басқандарды бүгін ардагерлер аямай сөкті. Қартайып қолдарынан қауқар кеткенімен, жұдырықтай жұмылған майдангерлер Жарылқап Қалыбайды жерден алып жерге салды, артынша бір құшақ журналды өртеп жіберді.

Жарылқап Қалыбайда қарап жатпады. Жауабын жарытып жеткізу үшін сөзін қалыпқа салып келтіріп, артынан Алаштың зиялыларын ертіп алыпты. Ақын, актер, тарихшы да осында. “Аңыз Адамды” жерден алып жерге салғандарға дат айтуға келгендер тым салмақты. Гитлерді мұқабаға басып елдің есін алған бас редактор да өктем сөйледі.

Жарылқап Қалбыай, “Аңыз Адам” журналының бас редакторы:

-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ауған соғысына қатысқандардың көбісі қазақша білмейді, қазақша журнал оқымайды. "Regnum" деген сайт бар екен, ол Ресейдің агенттігі. Соның берген ақпарына сенеді де өздері оқымайды. Бұл тобырдың психологиясы. Алдымен айналайын оқысайшы, ішінде фашизмді дәріптеп пе екенбіз әлде керісінше әшкереледік пе?

Ардагерлерді аздап шайқап алған соң сөз кезегі Асанәлі Әшімовке жетті. Жарылқап Қалыбай журналды өртегендер оны оқымағандар десе, Асанәлі ақсақал ақпарат құралдарына өкпелі екен.


Асанәлі Әшімов, КСРО халық артисі:

-Фашизм деген жалғыз Гитлерден басталмайды фашизм деген қазірде бар бұл сондай бір ағым. Жириновский мен Лимонов деген жазып жатады орыстардың журналына соны жабамыз демейді ғой. Шындық біздер үшін бір қылмыстық нәрсе болады шындық айтсақ. Ал мұнда шындық жазылады Аңыз Адамда.

-Шындық айту шырық бұзу емес деген орынды сөз бар қазақта. Дегенмен Жарылқап Қалыбай бұл үнпарақты іреп салған әріптес ақпарат құралдарын сотқа беретінін жеткізді. Ашынғаны соншалық Ақпарат агенттігін де жазасыз қалдырмақ емес. Бірақ бұл дау қағазбастылыққа соғып сиырқұйымшақтанып кететін түрі бар. Өйткені “Аңыз Адамнан” Гитлерді көріп есі шыққан ардагерлер редактордың үстінен Президент әкімшілігіне ресми хат жолдамақ.