Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды

 

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz


Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында. Арман Қырықбаев — Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі. Әр жылдары Nur Otan партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, Мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Казахфильм" АҚ, Nur Media республикалық басылымдарының Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2015-2019 жылдары — Алматы қаласы әкімінің орынбасары, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік етті. Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытқа, Қоғамдық саясат институтына, "Жас Отан" ЖҚ, сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылға және т.б. жетекшілік ететін болады. Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары партияда, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істеу тәжірибесі оған қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Партия хатшысы қызметін атқарған Ғабидолла Оспанқұлов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
 

Соңғы жаңалықтар