Армения үкімет басшысы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения үкімет басшысы қайтыс болды

Армения үкімет басшысы қайтыс болды

АЛМАТы. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Жексенбі күні таңертең Армения үкімет басшысы Андраник Маркарян 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 25 Наурыз 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ол инфаркт салдарынан қайтыс болған.

А.Маркарян бірінші шақырылған Армения ұлттық жиналысының депутаты болған. 1997-жылы Республикалық партияның төрағасына сайланды. 2003-жылы бұл партия Армениядағы биліктегі коалицияны басқарды. А.Маркарян Армения үкімет басшысы қызметін 2000-жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті