Арнайы жасақ жауынгерлері алдағы уақытта өз елімізде даярланады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арнайы жасақ жауынгерлері алдағы уақытта өз елімізде даярланады

Арнайы жасақ жауынгерлері алдағы уақытта өз елімізде даярланады

Ішкі істер министрлігі арнайы бөлімшелерді жабдықтау және ондағы жауынгерлердің еңбек ақысын төлеу әдісін қайта қарап шықты.

  • 13 Қаңтар 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Біз арнайы жасақ қызметкерлерін Ресейге, шетелге жіберіп оқытатынбыз. Бірақ, бұл өте қымбат. Сондықтан, біз биыл алған 5,3 миллион теңгеге жуық ақшаға арнайы орталық салу туралы шешім қабылдадық. Үш жылда Заречный елді мекенінде оқу орталығын салып бітіреміз, жауынгерлерді сол жерде даярлаймыз», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».

Министрдің айтуынша, 2011 жылға дейін Қазақстан арнайы жасағының «дайындығы да, қару-жарағы да нашар болатын».

«Ол үшін сазайымызды тарттық, 2011 жылы 18 қызметкерден айырылдық. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі қайта қарап шықтық», — деді Қ.Қасымов.


Оның айтуынша, соңғы бір-екі жылда арнайы жасақтың жалақысы да едәуір артқан.

«60-70 мың теңге жалақы үшін бұл жұмысқа ешкімнің барғысы келмейтіні түсінікті. Мәселен, «арландықтар» 99 мың теңге, «Бүркіт» жасағындағылар – 112 мың теңге алып келді. Қазір «арландықтар» 257 мың теңге, «Собр» — 130 мың теңге, «Бүркіт» — 230 мың теңге айлық алады», — деді министр.