"Ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлағаны өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соққанын анықтады": Бекбол Мираштың ісіне нүкте қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлағаны  өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соққанын анықтады": Бекбол Мираштың ісіне нүкте қойылды

"Ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлағаны өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соққанын анықтады": Бекбол Мираштың ісіне нүкте қойылды

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерге шақырылған сарбаз Бекбол Мираштың өз-өзіне қол жұмсап қаза болғанынан кейін күш қолданып, билігін асыра пайдаланып бопсалады деп айыпталған "Шөлдала" шекара заставасының сержанты Айбек Нұртаевқа қатысты жазаны қатаңдатты.

  • 17 Қараша 2023
  • 211
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Тамыз айының соңында Шымкент гарнизонының әскери соты жасақ командирі сержант Айбек Нұртаевты өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға соттады. Сот алқасы сарбаздың ісін қарады. Сот мобильді топтың жетекшісі бола тұра, оның қызметтік өкілеттігін жоспарлы түрде және негізсіз асыра пайдаланып, әскери қызметші Бекбол Мираштың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлағаны, әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соққанын анықтады.

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен әскери қызметші Нұртаев қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында (Зорлық-зомбылық қолданып бопсалау) және қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігінде (Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды", –делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді. 

Еске салайық, өткен жылдың 19 тамызында қатардағы жауынгер Бекбол Мираш Тараздағы ҰҚК шекара қызметіне қарасты "Шөлдала" заставасында асылып тұрған жерінен табылған. Күдікті ретінде заставада келісімшарт бойынша сержант Айбек Нұртаев танылып, қамауға алынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар