Арон Атабек ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арон Атабек ауруханаға түсіп қалды

Арон Атабек ауруханаға түсіп қалды

Арон Атабек ауырып ауруханаға түсіп қалды. Көпшілік қолдау білдіріп, сауығып кетуін тіледі. Бұл ақпаратты Ғабиден Жәкей желідегі парақшасында жазды.

  • 6 Қазан 2021
  • 964
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Арон ағаны жедел жәрдем көлігімен Бауыржан Момышұлы 1/55 мекенжайындағы жаңадан соғылған "Саялы" ковидорталығына әкетіп бара жатырмыз. Халайық, журналистер, қоғам белсенділері келіп, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!!!”, – деп жазды ол.

Ғабиден Жәкей бұл хабарламаның Арон Атабектің отбасының өтініші екенін атап өтті.

Желідегі оқырмандар тезірек сауығып шығуын тіледі.

“Ия, құдайым қуат берсін, дерт берген Аллаһым шипасын қосып берсін”, “Алла жар болсын”, “Аман-сау айығып шықсын, тілекшімін”, “Келіп қолдау көрсетулеріңізді сұраймын деген не сөз. Жедел жәрдеммен алып бара жатса, бәрібір кіргізбейді, көрсетпейді. Алла шипасын берсін”, “Алла Тағаламыз шипасын берсін!!”, “Сауығып кетуіне тілеулеспіз”, деп жазды желі қолданушылары.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.


Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

Қоғам қайраткердің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет екен.

Соңғы жаңалықтар