Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар зиратқа барғанда ондағы күмбездердің қирағанын көрген. Осы дерек бойынша Арқалықтың ІІБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша ("Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында сол күні Арқалықта орта мектептің 11-сыныбында оқитын екі оқушы ұсталды. Олар кінәсін мойындады", — деп хабарлады ІІД өкілдері.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, оның қорытындысы бойынша келтірілген шығын өтеледі.
Оқи отырыңыз: