"АрселорМиттал Теміртау" мүгедек кеншілерге жәрдемақы төлеу туралы сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" мүгедек кеншілерге жәрдемақы төлеу туралы сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылмақ

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшыларының сот шешімін орындаудан жалтаруына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
           «"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өндірісте жарақат алған бұрынғы жұмысшыларына ай сайынғы регрестік жәрдемақы төлеуден жалтарғаеы анықталды. Компанияның жауапты тұлғаларынан жауап алынуда», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Айдос Адамбеков мәлімдеді.
           Компания кеншілерге жәрдемақы төлеу міндеті көрсетілгенТеміртау қалалық сотының шешімі мен облыстық соттың аппелляциялық алқа қаулысын орындамай отыр. Екі сот шешіміне қарамастан компания оны орындаудан жалтаруда.
           "АрселорМиттал Теміртау" регресті жәрдемақы төлеу туралы арада қол қойылған келісімшарт бойынша жәрдемақыны "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы төлеуі тиіс деп есептейді. Алайда сақтандыру комиссиясы мұны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ регресті жәрдемақы алатын мүгедек кеншілер саны туралы кемітіп мәлімет бергені үшін келісімшарт тармағын орындаудан бас тартуымен түсіндірді.
           Осы қылмыстық істі тексеруге екі ай берілген.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 567
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшыларының сот шешімін орындаудан жалтаруына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

           «"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өндірісте жарақат алған бұрынғы жұмысшыларына ай сайынғы регрестік жәрдемақы төлеуден жалтарғаеы анықталды. Компанияның жауапты тұлғаларынан жауап алынуда», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Айдос Адамбеков мәлімдеді.