Арыста дезинфекция жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді.

  • 27 Маусым 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Дереккөздің мәліметінше, бұл топтар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

© Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі© Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе,  өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригадалардың бәрі техникамен, қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған", — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.


 

Соңғы жаңалықтар