"Асар" партиясы тіркелуге қажетті мөлшерде өтініш қабылдап үлгерді - партияның орталық кеңесінің хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясы тіркелуге қажетті мөлшерде өтініш қабылдап үлгерді - партияның орталық кеңесінің хатшысы

"Асар" партиясы тіркелуге қажетті мөлшерде өтініш қабылдап үлгерді - партияның орталық кеңесінің хатшысы

"Асар" партиясы тіркелуге қажетті мөлшерде өтініш қабылдап үлгерді. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада партияның орталық кеңесінің хатшысы Серік Нұғманов хабарлады. Оның нақтылаған ақпаратына сәйкес, "Асар" партиясына мүшелікке өту туралы 50 мың өтініш тіпті 15-қарашада жиналып үлгерген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қараша 2003
  • 1769
Фото - Caravan.kz

Қазір партия тіркелуге қажетті процедуралардан өтуде. «Бұл процесс заңда көрсетілген мерзімде аяқталуы тиіс»,- деді С.Нұғманов. «Саяси партиялар туралы» ҚР заңына сәйкес, партияны тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан заңнамасында көрсетілген тәртіппен және сонда айқындалған мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.

С.Нұғмановтың айтуынша, партияға мүшелікке өту туралы өтініш бергендердің арасында «сан түрлі әлеуметтік топ өкілдері бар» . Жаңа саяси бірлестікке мүшелікке өтуге құлшыныс танытқандардың арасында жастар, аграрлық сала өкілдері көп деді ол.
Ал басқа партия мүшелерінің арасынан «Асар» жағына шыққандар туралы сауалға С.Нұғманов «оларға саяси көзқарасын нақтылап алу туралы ұсыныс жасалып отырғанын» айтты. Партияның орталық кеңесі хатшысының айтуынша, қазір «Отан», «Ақжол» және Азаматтық партиянрың мүшелері «Асарға» мүшелікке өту туралы өтініш білдіріп отыр.