А.Сәрінжіпов пен А.Перуашев арасындағы келеңсіз оқиға одан әрі өрбіді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Сәрінжіпов пен А.Перуашев арасындағы келеңсіз оқиға одан әрі өрбіді

А.Сәрінжіпов пен А.Перуашев арасындағы келеңсіз оқиға одан әрі өрбіді

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен депутат Азат Перуашев арасында болған келеңсіз оқиға одан әрі өрбіді.

  • 11 Маусым 2015
  • 707
Фото - Caravan.kz

Министр біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында халық қалаулысынан кешірім сұрамайтынын кесіп айтты. Естеріңізге салайық, бірнеше апта бұрын Мәжілістің пленарлық отырысында Перуашев Сәрінжіповтен жұмыс орнын босатуды талап еткен болатын. Өз кезегінде министр мырза депутаттың жеке меншіктегі жоғары оқу орындарының мүддесін көздеп отырғанын бетке басты. Наразылық білдірген Азат Перуашев прокуратураға жүгініп, сотқа арыз беретінін ескерткен еді. Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі: — Мен «лоббилендіру» деген сөздің әлдекімдердің намысына тигеніне таңмын. Кей ақпарат көздерінен менің үстімнен прокуратураға шағым түскені айтылды. Ал құқық қорғаушылар Ішкі істер министрлігіне баруға кеңес берген. Ал мен осы кісілердің орнында болсам, алдымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне хабарласушы едім. Ақпарат 
http://24.kz/kz/
 сайтынан алынды.