Жарияланды: 50

Әсет Исекешев пен тележүргізуші Майя Бекбаева, Динара Сәтжандар оқулықтан алынып тасталды

Әсет Исекешев пен тележүргізуші Майя Бекбаева, Динара Сәтжандар оқулықтан алынып тасталды

Әсет Исекешев, Майя Бекбаева, Динара Сәтжанның “Өлкентану” оқулығынан алынып тасталғаны айтылды.

Бұл туралы Әйгерім Таубай есімді журналист желідегі парақшасында жазды. 

“Бұған дейін “Алматыкітап” баспасынан хабарласып бұл нұсқаның шықпайтынын айтты.  Әсет Исекешев пен Динара Сәтжанның оқушыларға арналған оқулыққа енгенін жазғанмын. Осыдан соң баспа қызметкерлері министрлікке басқа нұсқаның жіберілгенін айтты“, – дейді журналист.

Баспа қызметкелерінің айтуынша, шілде айында сараптама өтіп, блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған. Бұл  «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған авторлық ұжымның жобасы болған.

Дұрыс нұсқасы мына суреттегі мәлімет.

Айта кетейік, бұған дейін Әсет Исекешов пен Динара Сәтжанның жаңа оқулыққа енгізілгені жайлы хабарланған еді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть