Ашхабадта полиция қызметкері әйелге маска кигені үшін айыппұл салған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта полиция қызметкері әйелге маска кигені үшін айыппұл салған

Ашхабадта полиция қызметкері әйелге маска кигені үшін айыппұл салған

Хроники Туркменистана агенттігінің хабарлауынша, үйіне қайтып келе жатқан әйелді полиция қызметкерлері тоқтатып, жеке куәлігін сұраған. Құжаттары дұрыс болғанына қарамастан, әйелдің маска кигені полиция қызметкерінің ашуына тиген. 

  • 28 Ақпан 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сен мемлекеттің сақтық шараларына сенбейсің бе? Біз және біздің басшыларымыз маска кимегенде, сен неге киесің?» деп сұраған. Маска киіп жүру жұртты әбігерге салады деп, айыппұл салған. Әйел дәрігердердің кеңесіне құлақ түргенін алға тартқан. Бірақ әйелдің сөзіне құлақ түрмеген қызметкер 249 манат (теңгеге шаққанда, 26 800 теңге) айыппұл салған. Тіпті, кепіл ретінде жеке куәлігін алып қалған.

Банкке барып, айыппұлды төлегеннен кейін ғана жеке куәлігін қайтарған. 


Соңғы жаңалықтар