АШМ болжамынша Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың есебінше, Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы шамамен 6 млн тонна астық экспорттайды. |
«Шынымды айтсам, мен экспорттық мәліметтерді алған жоқпын, бірақ біздің есебімізше, оның шамасы 5,5-6 млн тонна болады», - деді ол бейсенбі күні журналистердің сауалына жауап беріп.
Еске салсақ, 2010-2011 маркетингтік жыл алдағы 1-ші шілдеде аяқталады.
«Бұл ретте біз қуаңшылық жылы да экспорттың осындай көлеміне қол жеткізгенімізді ұмытпауымыз керек. Салыстырсаңыз, рекордтық астық жинаған 2009-шы жылдың өзінде экспорттық әлеует 8 млн тонна болған. Сондықтан Қазақстан кез келген жылы ауқымды астық экспорттай алады», - деді министр.
Бұрындары Қазақстан 2011-2012 маркетингтік жылы 5,5 млн тонна астық экспорттайтынын мәлім еткенді. Алғашқыда ағымдағы маркетингтік жылға экспорттық әлеует 7-8 млн тонна болады деп болжанған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін