"Әскердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасаңдар көшеден ұстап, қойша әкетуді тоқтатыңдар": Халық жаппай наразылық білдіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әскердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасаңдар көшеден ұстап, қойша әкетуді тоқтатыңдар": Халық жаппай наразылық білдіріп жатыр

"Әскердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасаңдар көшеден ұстап, қойша әкетуді тоқтатыңдар": Халық жаппай наразылық білдіріп жатыр

Әскедегі әлімжеттік халықтың апталдай азаматтарының қауіпсіздігі сақталмаса, әскерге зорлықпен тартуға жаппай қарсылық болары сөзсіз. Қазақ "Жетектеген тазы түлкі алмайды "дейді. Жағдайы жасалмаған ел қорғайтын азаматтардан мемлекет сонда нені талап етепекші?

  • 14 Қараша
  • 48
Фото: caravan.kz

Желіде жастарды әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқан видеолар тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Министрлік не дейді?

Шақыру науқаны басталған кезде кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақытылы келмей факторлары орын алып жатады. Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды. Өйткені олардың көпшілігі тіркелген жерінде тұрмайды, ал қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелмейді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын әскерге шақыру үшін жеке өзіне тапсыру мүмкін болмағанда, бұл жауапкершілік ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық танытып жатады. Бұл жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлеп ұстап, шақыру пунктеріне жеткізуге құқылы. Шақыру комиссиясы жеткізілген азаматтардың мәртебесін сол жерде анықтайды. Мерзімді әскери шақыруға негіз болмаған жағдайда, оларды үйлеріне жібереді. Ал шақыруға негіз болса, медициналық тексерістен өтуге, және шағыру шеңберінде басқа да іс-шараларды өткізуге жібереді», — делінген министрліктің жауабында.

Сонымен қатар, миистрлік барша қазақстандықтардың есіне тағы бір рет еске салды.

«Еске сала кетейік, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осының негізінде, азаматтардан қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауды және жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Халық не дейді?

Өз аяғымен кеткен азаматтардың табытпен оралып жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Халықтың талабы, алдымен әскердегі қауіпсіздікті орнына келтіру.

Айта кетейік, 7 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында Түркістан облысының 19 жастағы борышын өтеуші сарбаз, өзінің басына екі рет оқ атып қайтыс болған. Оқиға орнынан ешқандай қоштасу хаты табылмады. Сарбаз оқ жарақатын алса да, өлімінің себебін «механикалық тұншығу» деп көрсеткен. Қазір осы бойынша тергеу басталды.

— Зайсандағы солдат өлімі туралы еге осылай айтпайсыңдар? Бұндай өлімдерден кейін қай ана өз баласын әскерге жібереді? Неге армияда қатал заң тәртібін орындамайсыздар?

— Балаларымыздың қауіпсіздігіне кім жауап береді?

— Қайтыс болған әскери сарбаздардың өліміне кінәлілер неге жазаланбайды? Әлде ата-аналар осылайша балаларынан айырылып, жауапсыз отыра беруілері керек пе? — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Расымен де, әскердегі қауіпсіздік елімізде әлі де ақсап тұр. Бұл мәселені мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы көтеріп келеді. Соңғы үш жылда әскерде 270 сарбаз қайтыс болған. 86 суицид тіркелген, 20 әскери адам өз-өзіне қол салуға оқталған. Әскердегі әлімжеттік мәселесі 2022 жылдан бері көтеріліп келеді. Алайда жағдай түзелмек түгілі, ушығып жатыр. Сарбаздардың әскерде жарақат алып, тіпті қайтыс болуы тоқтар емес. Депутат қорқынышты статистиканың бірнешесін ғана айтып өтткен еді.

«Көшеден бас салып ұстап әкету бір жағы жабайылық, бір жағы заңсыздық. Әскери өмір жақсы болса, әркім-ақ баруға құштар. Бір ғана мысал, 35-40 жыл бұрын ер азаматтар үшін әскерге бармау өліммен тең еді. Әскери өмір-өмірдің университеті саналатын. Әскерге сұранған бозбалалар бөлімшенің есігін күзетіп жатар еді. Ол менің басымнан өтті. Қайта-қайта сұранып жүріп, екі жылдан соң әскер қатарына әзер іліндім. Қазір біздер үшін әскери өмір сағыныш, қимас кезеңдер. Ал бүгінгі әскери өмірді бардак дер ем», — деп пікір білдірді Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ердәулет Сұлтан.

Қорғаныс министрлігі әскердегі темірдей тәртіпті қалпына келтіру үшін қандай шаралар қабылдаймыз деп уәде етсе де, жағдай әлі түзелмей келеді. Ал халық әскердің бүгінгі халінен қорқады, сенбейді. Сондықтан ата-аналардың үрейі мен жастардың әскерден қашуы себепті сияқты.