Әскерден қашқан қарулы сарбазға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерден қашқан қарулы сарбазға  іздеу жарияланды

Әскерден қашқан қарулы сарбазға іздеу жарияланды

Қарулы күштер сапында тағы төтенше оқиға. Бұл жолы Алматы облысының Боралдай кентіндегі әскери бөлімінен қарулы сарбаз қашып кетті.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

21 жастағы Серік Дәулетбай Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай кентінің тумасы. Шекара қызметінің қатарына көктемде ғана шақыртылған екен. Ақпараттарға қарағанда, жауынгер бүгін таңғы сағат алтылар шамасында келіcім-шартпен қызмет атқарып жүрген әріптесімен төбелесіп қалыпты. Содан кейін қызметтік тапаншаны алып, із суытқан. Серік Дәулетбайды қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.


Оксана Парпура, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы:

–Бүгін таңғы сағат 7-ден бері жоқ. Жауынгер Серік Дәулетбайдың 2177 әскери бөлімінің автопаркіндегі кезекші болған. Қазір оған іздеу жарияланып, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.