Әскерге шақырылғандар отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерге шақырылғандар отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды

Әскерге шақырылғандар отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды

Бүгін күзгі науқанмен әскерге шақырылған алматылықтар Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанды. Оларды әскери бөлімдеріне қала әкімі Ахметжан Есімов бастаған генералдар мен офицерлер шығарып салды. Жылы сөздерін айтты, ерекше жомарт болған қала әкімі жас сарбаздарға сыйлықтар да үлестірді. Айта кету керек, өткен жылдан бері Алматыда әскерге аттанар бозбалаларға арналып жас сарбаздар күні тойланып жүр.

  • 7 Қараша 2013
  • 1635
Фото - Caravan.kz

Әскери шекпені бар, елге еңбек еткені бар төсі алқаларға толы ардагерлер мен саптағы сарбаздар күзгі шақырылымға аттануға сай тасындай іріктеліп сақадай сай тұрған жастарға ақ жол тіледі. Міне, 35 қазақтың қара домалағы Отан алдындағы борышын адал өтеуге аттанбақ. Жүздерінде бірде күлкі, бірде қатты қобалжу бар. Құттықтауды алдымен қала басшысы Ахметжан Есімов бастады.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

Елдің тыныштығын қорғауға бара жатқан жас отандастарымызға әскери борыштарыңызды абыроймен атқарып аман-есен оралыңыздар деген тілек білдіреміз.

Қала әкімінің жомарттығы әскерге аттанар жастарға тиді, барлығына сыйлығы бар қолсөмке үлестірілді. Кейін жас сарбаздарға қазір әскерде жүрген аға буын өнерлерін паш етті. Оларда қатты қобалжып тұр екен, бірі қолдарындағы қаруға ие бола алмай құлатып жатса қалғандарды көк таста ашық айқас жасады.

Бекжан Талғатов әскерге өзі сұранған жігіттердің бірі. Белді жоғарғы оқу орнын тәмамдаған ол отан алдындағы борышын өтеуге бұрыннан бел шешіпті. Салтанатты шарадан соң дереу Боралдайдаға әскери бөлімге аттанды.


Жілік майы толысқан жігіттердің бүгін 35-і әскери өмірдің дәмін татып қызығы мен шыжығын көруге аттанды. Соның 25-і жоғары білімді азаматтар екен және көбісі кейін келісім-шарт арқылы әскери қызметте қалуға ықтияр білдіргенін аға офицерлер мақтана айтты. Жалпы қоңыр күзде адымдағанда нәлінің ізі қалар керзі етік киіп отан алдындағы борышын өтеуге мыңға жуық алматылық бозбала аттанбақ.

Қазақша Құттықтау — тілек: 7 Мамыр — Отан қорғаушы күні