Жарияланды: 40

Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін