Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі мәлімдеді.
2031 әскери бөлімшенің қаржы қызметі жеткізілмеген заттай мүлік үшін 3,5 млн теңгедан астам ақша төлеген. Мұнда жеке кәсіпкерден 5 млн теңгеден астам сомаға сатып алынған заттай мүліктің техникалық сипатының сәйкессіздігі анықталған.
Тексеру барысында 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде аймақтық басқарма қоймасының басшысы жемқорлық әрекеті үшін әскери қызметтен босатылған.
Мұнымен қоса, бас әскери прокуратура ұйғарымымен «Солтүстік» АБ «Тобол» шекара бекеті бөлімінің контролері әскери қызметтен босатылды.