Аспандағы байлық: Ең қымбат жекеменшік ұшақ 64,5 млн. долларға бағаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аспандағы байлық: Ең қымбат жекеменшік ұшақ 64,5 млн. долларға бағаланды

Аспандағы байлық: Ең қымбат жекеменшік ұшақ 64,5 млн. долларға бағаланды

Элиталы жекеменшік ұшақтарымен танымал американдық Gulfstream корпорациясы жуырда өзінің жаңа өнімін - G650 ұшағын таныстырды.

  • 10 Қараша 2012
  • 664
Фото - Caravan.kz

Бұл нағыз технологиялық керемет, ол қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие болуда, деп хабарлады РБК.

Жаңа ұшақтың құны — 64,5 млн. доллар. Әуе кемелерінің өндірісі басталып та кетті. Болжам бойынша, жыл соңына дейін G650-дің 17 данасы дайын болады. Дегенмен Gulfstream корпорациясы бірегей ұшақтарға тапсырыс берген адамдардың есімдерін құпияда ұстауда.

Gulfstream G650 ұшағы дыбыс жылдамдығына жақын жылдамдықпен ұша алады. Ұшақ багының сыйымдылығы 13 мың шақырымға жетеді.

G650 басқа жекеменшік ұшақтардың алдында ең кең салонымен мақтана алады. Онда 8 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі өздерін жайлы сезіне алады.

Ұшақтың бортында сондай-ақ жолаушылардың көңілін көтеру үшін мультимедиалық жүйе бар.

Аталмыш джет Rolls Royce BR725 A1-12 қозғалтқышымен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар