Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды

Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР премьер-министр лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

  • 25 Ақпан 2019
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды", — деп жазылған Ақорданың твиттердегі парақшасында

 Асқар Мамин туралы не білеміз?

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазан күні Целионоград қаласында дүниеге келген. 

Жап-жаңа премьер-министр 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 2003 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген.

Асқар Мамин 1996 — 2008 жылдары аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі сияқты лауазымдарында қызмет етті.


2008 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың 9 қыркүйегіне дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ президенті қызметін атқарды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа премьер-министрдің Данияр және Динара есімді балалары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 ақпан күні Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар