Асқар Мамин Үкімет басшысы болса елде қандай өзгерістер болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин Үкімет басшысы болса елде қандай өзгерістер болады?

Асқар Мамин Үкімет басшысы болса елде қандай өзгерістер болады?

Үкімет басшысының күтпеген жерден отставкаға кеткені белгілі. Ал оның міндетін уақытша атқарушы ретінде Асқар Мамин бекітілді. Қазір елді кімнің премьер-министр тағына отыратыны қызықтыруда.

  • 22 Ақпан 2019
  • 1591
Фото - Caravan.kz

Дегенмен көпшілік саясаттанушылар дәл осы Маминнің көп ұзамай Үкімет басқаратынын айтуда. Егер расында Асқар Мамин ҚР премьер-министрі болып тағайындалса онда елді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жөнінде саясаттанушы Әзімбай Ғали  Caravan.kz медиа- порталының тілшісімен бөлісті.

— Әзімбай аға, егер Мамин үкімет басына келсе алдымен не істеуі мүмкін?

— Маминннің не істейтінін білемін. Біріншіден, мемлекеттік меншікті қор биржасы арқылы сатады. Яғни «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорындағы меншік акциялары сатылады. Ал оның бағалары IPU арқылы болады.

Екінші жағынан, шетелдік инвесторларға сатуға тырысады. Жалпы, жеке меншік ол пәрменді қожайын деп есептеледі. Ол кезде ешкім ұрламайды дегендей. Екінші бір қауіп бар, ол – қытайлар сатып алмасын деген. Олар қазір еліміздің 40 процент мұнай өнеркәсібін сатып алды. Кеше ғана 28 болатын. Сөйтсем 40 процент болыпты. Сондықтан, енді батыс инвесторларына сату керек. Жалпы, мемлекеттік жеке меншіктің үлесін 15 пайызға жеткіземіз деп отыр. Бұл енді үлкен жақсы өзгеріс. Жалпы, Назарбаевтың нарыққа икемі бар адам. Бізде мемлекеттік меншік 52-53 пайыз. Оны 15 пайызға дейін төмендетемін деп отыр. Ол дұрыс қадам деп ойлаймын.

— Мамин мен Сағынтаевтің қайсысы қазаққа сүйкімдірек?

— Бұл жерде техникалық қызмет қой шынын айтқанда. Мамин нарықтық реформа жасайды. Ол анық. Сағынтаев қазақша сөйлейтін жігіт. Ол да анық. Инсайдерлік ақпарат жоқ. Бірақ қазақ қайта қайта түртпектей береді, неге қазақша сөйлемейді деп. Мына масс-медиа, фейсбук деген қиын нәрсе ғой. Сондықтан (Асқар Мамин — ред) құрысын, аш бәледен қаш бәле деп қазақша сөйлеуге мәжбүр болады.

Менің өз өтінішім қазақ тілінің рөлі көтерілуі керек. Өйткені қазір қазақтар дауыс береді. Қазақ қалай дауыс береді? Қазақ мысалы балаларын қазақ мектебіне береді. Қазір қазақ баласының 91 проценті қазақ мектебінде оқиды. Дауыс беру деген сол ма? Әрине иә. Қазір жоғары оқу орындарында орыс топтары деген жоқтың қасы. Мен бір университетте жұмыс істеймін. Ондағы орыс бөлімінде 4-ақ бала оқиды. Ал қазақ тобында 24 бала бар. Жаңағы 4 баланың екеуі ауғандық. Біреуі орыс, біреуі қазақ. Басқа оқу орындарында да солай деп ойлаймын. Болашақта ондай орыс топтары жойылады. Өйткені 4 бала үшін топ ашып ұстап отыру тиімсіз.

Соңғы жаңалықтар