Астана әкімі Парижде ЕХРО көрмесін өткізу жөніндегі үміткер-қалалар өкілдерінің баспасөз мәслихатында сөз сөйледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі Парижде ЕХРО көрмесін өткізу жөніндегі үміткер-қалалар өкілдерінің баспасөз мәслихатында сөз сөйледі

Астана әкімі Парижде ЕХРО көрмесін өткізу жөніндегі үміткер-қалалар өкілдерінің баспасөз мәслихатында сөз сөйледі

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Парижде 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған ЕХРО көрмесін өткізу жөніндегі үміткер-қалалар өкілдерінің баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

  • 21 Қараша 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

Елорданың реми сайтының жазуынша, ол ЕХРО көрме кешені 2017 жылы Астанада өтсе, көрме аяқталғаннан кейін ғылыми зерттеу орталығына айналатынын атап өтті. Сондай-ақ,әкім таңдау Астанаға түссе, көрменің ауқымды аумағын абаттандыру жөніндегі орасан зор жұмыстар жүргізілетінін де тілге тиек етті. Иманғали Тасмағамбетов көрме құрылысына инвестиция тарту, өз инвестициямызды, мемлекет инвестициясын салу жұмыстарының да пәрменді жүргізілетінін айтты. Әкімнің айтуынша, ЕХРО өткізілгеннен кейін Астанаға келген барлық капиталды пайдаланудың ауқымды міндеті тұр. Сондықтан оған тек Қазақстанның емес, ЕХРО-ға қатысқан басқа да мемлекеттердің ғылымы мен техникасының заманауи жетістіктерін көрсететін ауқымды көрме кешенін салу жоспарлануда.

EXPO-2017 қайда өткізілетіні туралы Халықаралық көрмелер бюросының шешімі ертең, 22 қарашада 161 ел қатысатын Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында жасырын дауыс беру жолымен анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар