Астана діни көшбасшылар мен саясаткерлерді адамзат проблемаларын бірлесіп шешуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана діни көшбасшылар мен саясаткерлерді адамзат проблемаларын бірлесіп шешуге шақырады

Астана діни көшбасшылар мен саясаткерлерді адамзат проблемаларын бірлесіп шешуге шақырады

Тұрақты әлем қалыптастыру жолында діни және саяси қайраткерлердің «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып» әрекет етуі

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

    – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті құрылтайында талқыланатын негізгі тақырыпқа айналуы тиіс. Бұл туралы съезд хатшылығы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Бүгінгі әлем бұрын-соңды болмаған төзімсіздік пен қатыгездік құбылыстарды бастан кешіп жатыр. Біздіңше, алдағы съездің міндеті – адамзат алдында тұрған проблемаларды ашық талқылау», — деді ол бейсенбі күні құрылтай хатшылығының отырысында.

«Бізді діни экстремизм мен радикализм идеясының кедей, дамушы елдерде ғана емес, Батыс елдерінде тұратын жастардың арасында белең алуы алаңдатады. Біз құрылтайда дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлердің арасындағы диалог мәселесін талқыламақпыз», — деді Қ.Тоқаев.


Оның ойынша, дінбасылар мен саясаткерлер «бірлескеде көп іс тындыра алады».

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі 2015 жылы өткізілмек.