Астана мектептерінде бірыңғай формаға байланысты дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мектептерінде бірыңғай формаға байланысты дау шықты

Астана мектептерінде бірыңғай формаға байланысты дау шықты

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының жетекшісі Қасымхан Сенғазыев жаңа оқу жылына дайындық барысымен таныстыру үшін журналистерге арнап брифинг өткізді.

  • 27 Шiлде 2016
  • 671
Фото - Caravan.kz

Бастан-аяқ ресми тілде өткен брифинг соңында білім басқармасының басшысын сұрақ қою арқылы ғана  қазақша сөйлету мүмкін болды. Қазақ тілінде дайын баспасөз хабарламасы жоқ болғандықтан, тым болмаса баяндама неге қазақша болмады деген сұрағымызға басқарма басшысы «журналистердің уақытын үнемдеу үшін тек орыс тілінде баяндама жасадым» деп жауап берді.

Басқарма басшысының хабарлауынша, 2016-2017 оқу жылдары Астана қаласы бойынша 94 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істемек.  Оның 83-і мемлекеттік мектеп,  11 жеке меншік мектеп. Жалпы, осы мектептерде биыл 129 мыңнан аса оқушы білім алады. 

Бұл оқушылардың барлығын міндетті мектеп формасын киеді. «Астанада міндетті мектеп формасы 2012 жылдан  бастап енгізілген. 2016 жылдың 26 шілдедегі жағдай бойынша, Астана қаласының 75 мектебінде міндетті мектеп формасы енгізіледі», — деді Қ.Сенғазыев.

Бірақ, қала бойынша бірыңғай мектеп формасы жоқ. Яғни, әр мектепке бір форма міндетті, оны кімнен және қайдан сатып алатынын ата-аналар өзі таңдайды. Бірақ, қала бойынша әзірге бірыңғай форма енгізілмейді. «Әлеуметтік желі мен әртүрлі дереккөздерінде Астана қаласының мектептеріне форма тігетін «Илясова» жеке кәсіпкерлігімен шарт жасасқан бір мектеп өз хабарландыруында өзінің мектебінде бірыңғай форма еніп жатыр деп жазудың орнына, Астана қаласы бойынша міндетті бірыңғай форма енгізілмек» деп жазып жіберген. Қазір қалада бұл жеке кәсіпкерлікпен 75 ата-аналар комитетінің он бірі осы жеке кәсіпкерлікпен келісімшарт жасасты», — деп хабарлады брифинг барысында Қ,Сенғазыев.

«Илясова» жеке кәсіпкерлігі келісімшарт жасасқан мектептің бірі қаладағы 59 орта мектебі. Бұл мектептегі ата-аналардың жазуынша, мектеп формасы қайта жаңарып жатыр. Ал, «Илясова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ғазиза Илясова: «59 мектеп бойынша жалған ақпарат тарап жүр. Себебі, біз ата-аналармен жиналыс өткізген кезде көп ата-ана қатысқан жоқ. Осы мектепке тек бірінші сынып оқушылары үшін форма тігеміз. Ал қалған сынып оқушыларының формасы сыймай қалмаса, жыртылмаса, биыл да киюге жарайды. Оларды ешкім мәжбүрлемейді. Бірінші сынып оқушылары үшін нақты қанша форма алғанымызды айта алмаймын. Ол басқа қызметкердің құзыретінде. Шарт бойынша бірінші сыныпты толығымен қамтамасыз етеміз. Ескі формасы сыймаса ғана ауыстыру керек», — деген уәж айтып отыр.


Ал,«мектеп ішінде тауар сатуға қатаң тыйым салынған» дей отырып, Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыев мектеп формасының Астанадағы бағасы 10 000-20 00 аралығын құрайды деп мәлім етті.

«Оқу жылы барысында ата-аналармен бірыңғай форма мәселесін талқылаймыз. Жаңа оқу жылының басында қалалық ата-аналар кеңесін құрамыз. Қалалық кеңеспен өзім жеке кездесіп, осы мәселесі талқылаймыз. Тек мектеп формасы ғана емес, талқылайтын мәселелер көп», — деді Қ.Сенғазыев.

 

 

Соңғы жаңалықтар