Астана мен Алматыда өрт сөндірушілерінің депосы қажет саннан екі есеге аз - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда өрт сөндірушілерінің депосы қажет саннан екі есеге аз

Астана мен Алматыда өрт сөндірушілерінің депосы қажет саннан екі есеге аз

Астана мен Алматыда өрт сөндірушілерінің депосының саны қажет саннан екі есеге аз, деп ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко хабарлады.

  • 27 Мамыр 2011
  • 597
Фото - Caravan.kz

«Алматыда 13 өртпен күрес бөлімшесі бар. Олар норматив бойынша қаланың 50%-ын ғана жаба алады. Ойлаңыздар, сенатор мырзалар, қалаға 25 өртпен күрес депосы қажет, ал онда 13 қана», — деді ол жұма күні «Өңір» депутаттық топтың ТЖМ мәселесін қарастырған отырысында.

Министрдің айтуынша, Астанада да депоға қажеттік 50% мөлшерде қанағаттандырылған, қажет 20 депоның орнына мұнда 10 депо ғана бар.

«Мен ол туралы төртінші жыл айтып келмін. Шынын айтқанда, алға жылжушылық бар екенін мойындауымыз керек. Биыл біз Алматы мен Астанада өртке қарсы күрес депосының біреу-екеуін салып жатырмыз. Келесі жылға оның санын арттырмақшымыз. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз керек», — деді В. Божко.

Ол сондай-ақ, бүкіл республика бойынша 178 өртке қарсы күрес депосын салу керектігін айтып өтті.

ТЖ туралы хабарлаудың мемлекеттік жүйесін модернизациялау Т4 млрд-тан астам қаржыны қажет етеді, деп мәлім етті төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко.

«Министерлік үстіміздегі жылы хабарлау жүйесін модернизациялау және қайта құруды қолға алуға дайын…ТЖ туралы хабарлаудың мемлекеттік жүйесін модернизациялау және қайта құру бойынша техникалық шараларын орындау үшін алдын ала есептеулерге сәйкес, 2011-2013 жылдардағы кезеңде 4 миллиард теңгеден аса қаржы керек», — деді ол жұма күні сенатта «Өңір» депутаттық тобының ТЖМ мәселелеріне арналған отырысында.

«Сіздерден қолдау сұраймын, өйткені біздегі хабарлау жүйесі 70-ші жылдардың соңынан бері қайта өңделіп, қайта жарақтандырылған жоқ. Бізде ұқсас жүйелер бар, олар сенімді, бірақ заманауи байланыс жүйелерімен сәйкес келмейді», — деді ол.

Министрдің айтуынша, аталған сома бюджет жобасына енгізілді.

«Қайта жарақтау қажеттігі қазіргі уақытта ТЖМ-нің оперативті кезекші аумақтық органдарының радиотрансляция тораптарының 20%, радио және телевидение арналарының 40%, сиреналардың 40% автоматты түрде іске қоса алмайтындықтан туындады», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар