Астана мен Амман жақындаса түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Амман жақындаса түспек

Астана мен Амман жақындаса түспек

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Иорданияның Ұлттық күнін тойлау құрметіне орай Иордан Хашимит Корольдігі делегациясының келуіне байланысты Астана қаласының әкімі Амман қаласының муниципалды комитетінің төрағасымен кездесті. 

  • 28 Шiлде 2017
  • 233
Фото - Caravan.kz

Қала басшылары екі астана арасында әріптестіктің перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Екі қалада да қазіргі уақытта «ақылды қала» технологиясын енгізу, инвестиция тарту, саябақтар салу және қала көшелерін жасылдандыру бойынша жұмыс атқарылуда. 

Қазақстанның астанасына сапарлап келген Юсуф Аль Шауариб мырза Астана қ. Бас жоспарымен танысты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына, «Назарбаев Университеті» мен «Барыс Арена» мұз айдынына барды. 

-Ресми сапар барысында Астана қаласының көркем жерлеріне барып, сәулеті ерекше нысандарды араладым. Жас болса да қарқынды дамып келе жатқан сіздің шаһарларыңыз қатты ұнады. Қала әкімшілігі тарапынан үлкен кәсіпорындар орналасатын инвестициялық орталықтарды тартуда жақсы жұмыс істелуде, мен бұған бүгін куә болдым, -деді Юсуф Аль Шауариб.


Онымен бірге бүгін Астанада Иордан Хашимит Корольдігінің королі Хусейн Бен Талалдың есімімен көше ашылды. Айта кетейік, бұл көшенің ұзындығы 3 шақырым 78 метр.

Соңғы жаңалықтар