Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен  София Қазақстанның  "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу  мүмкіндігін талқылауда

Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қыркүйек 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz



«Президент екеуіміз газ тасымалдауға қатысты аса қызғылықты жобалар жайлы талқыладық», — деп хабарлады бүгін Болгария Республикасының вице-премьері — сыртқы істер министрі Ивайло Калфин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте.

Атап айтсақ, айрықша маңызды екі газ жобасы — «Nabucco» мен «Южный поток» жайлы талқыладық. «Ресейдің бастамасымен жасалған «Южный поток» — аса маңызды жоба болып табылады, мен президент Назарбаевқа осы жобаға қатысты ақпараттарды бердім. Жоба жаңадан дәйектелу үстінде, сол себепті біз өзара идеялармен алмасып, бұл жобаға атсалысу жөніндегі мүдделерді бағалаудамыз», — деді И. Калфин.

Ол сонымен бірге келіссөздер барысында екі елдің мұнайға қатысты жобалар бойынша да ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылағанын жеткізді. Мәселен, Калфиннің айтуынша, «Қазақстан тарапынан Бургас — Александруполис мұнай құбырын тарту жобасы бойынша нақты мүдделілік танытылып отыр».

«Қазақстан — Бургас — Александруполис мұнай құбырымен тасымалданатын мұнайды сатушы негізгі елдердің бірі. Меніңше, бұл жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның да атсалысуына толық негіз бар», — деді Болгарияның вице-премьері.

Сонымен бірге, оның айтуынша, президентпен кездесуде Қазақстан мен Болгарияның экономика, туризм және транспорт саласындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер де әңгімеге арқау болған.