Астана полицейлері пәтерін жалға заңсыз беретіндерді анықтауға кірісіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана полицейлері пәтерін жалға заңсыз беретіндерді анықтауға кірісіп кетті

Астана полицейлері пәтерін жалға заңсыз беретіндерді анықтауға кірісіп кетті

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі пәтерлерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік шараларды жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

  • 26 Қазан 2017
  • 255
Фото - Caravan.kz

Тексеру шараларының барысында 24 қазанда Қарасай батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде пәтерді заңсыз жалға беру фактісі анықталған болатын.

«Пәтер иесі азаматы ҚР ӘҚК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — делінген ЖПҚ-нің хабарламасында.

Жергілікті полиция қызметі «Сарыарқа» ауданының тұрғындарына үйді жалға беру кезінде айыппұл санкцияларына ілікпеу үшін мемлекеттік кірістер органдарында,Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе ҚР электронды үкіметі (egov.kz) арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар