Астана қалалық әкімшілігі Елордасының энергетикалық кешенін бір лотпен сатуға тендер жарияламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық әкімшілігі Елордасының энергетикалық кешенін бір лотпен сатуға тендер жарияламақшы

Астана қалалық әкімшілігі Елордасының энергетикалық кешенін бір лотпен сатуға тендер жарияламақшы

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. Астана қалалық әкімшілігі Елордасының энергетикалық кешенін бір лотпен сатуға тендер жарияламақшы. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында Астана әкімі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Шiлде 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

«27 шілдеде Астананың энергетикалық кешенінің активтерін бағалауға консалтингтік қызмет көрсетуге және тендерлік құжаттарды дайындауға байқау жарияланған, ондағы мақсат — Астанадағы барлық энергетикалық нысандарды бір лотпен саудаға салу», — деді А. Мамин.

Астана әкімі өзі басқаратын әкімшіліктің міндеті осыған байланысты «жылдың аяғына дейін инвесторды айқындау» деп санайды, ол мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігі негізінде Астананың энергетикалық жүйесін жаңалау мен дамытуға атсалыспақ.

Әкімнің айтуынша, салаға талап етілетін инвестиция көлемі 2 млрд долларды құрайды. «Бұл қаржының бәрі қаладағы энергетикалық нысандарға қажет», — деді әкім. А. Мамин Астананы дамыту жоспарларына сәйкес еліміздің бас қаласының энергетикалық қуаттылығын 2012-жылға дейін екі есе арттыру қажет екендігін еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті