Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме

  • 20 Мамыр 2017
  • 330
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы  басшысының міндетін атқарушы болып Қамалжан Надыров тағайындалды.

Қамалжан Надыров — Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), "Тұран" университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығын оқыды.

Еңбек жолы 2007 жылы Б.У.Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметінен бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді. 2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды. Жаңа лауазымдық қызметке дейін "University Medical Center" республикалық диагностикалық орталыққа жетекшілік етті.


 

Соңғы жаңалықтар