«Жекелеген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушылармен арадағы келісім-шарттарын уәкілетті органдар жасаспаған. Атап айтсақ, бірқатар келісім-шарттарын Ақмола облыстық әкімшілігі жасасқан, ал жер қойнауын пайдаланушылардың іс-қызметі Астананың әкімшілік аумағы аясында жүргізілген»,- деді Д.Қаржаспаев.
«Осындай келісім-шарттарын бұзбау және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірмеу салдарынан жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жер телімдерін мақсаттан тыс пайдалануға жол берілген ,- деді ол. Мәселен, оның айтуынша, Астана іргесіндегі Тельман ауылында әкімшіліктің қаулысында көрсетілгеніндей, игерілген карьерді рекультивациялау орнына «Айтпай» ЖШС іс жүзінде топырақ қазумен шұғылданған».
Бұған қоса, Д.Қаржаспаевтың айтуынша, Астана қалалық әкімшілігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мен Ақмола аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы «жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісімнің шарттарын ұстану жағдайын тиісті деңгейде қадағаламайды». «Әлгі «Айтпай» ЖШС мемлекеттік мекемелерге қиыршықты топырақ өндіру жөніндегі жылдық жұмыс бағдарламасын, сондай-ақ, өткен тоқсаннан келесі айдың 25-ші жұлдызына дейінгі өз іс-қызметінің есебін бермей отыр. Осы тектес заң бұзушылықтар «Астана-Брик» ЖШС мен «Бине» ЖШС-нің іс-қызметінен де анықталды»,- деді прокуратура өкілі.
«Департамент пен инспекцияның лауазым иелерінің өз міндетіне деген немкетті әрекеттері салдарынан келісімдердің шарттары орындалмай, олның соңы жер қойнауын тиімсіз пайдалануға алып келуде»,- деді Д. Қаржаспаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті