Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі жалғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі жалғасты

Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі жалғасты

Бүгін, 18-қарашада Астана қалалық сотында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен "ПетроҚазақстан" компаниясы арасындағы дауды реттеу жөніндегі сот мәжілісі одан әрі жалғасты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2003
  • 364
Фото - Caravan.kz

Шағым берушінің өтініші негізінде және жауап берушінің оған келісуі нәтижесінде соттың отырысы жабық есік жағдайында өткізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ПетроҚазақстан компаниясы сотқа түсірген өз шағымында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі өткізген шілденің 30 мен тамыздың 30-ы аралығындағы тексеру қорытындысына келіспеушілік білдіреді. Тексеру нәтижесі бойынша компанияға монополияға қарсы заңнамалардың талабын бұзу деректерін жою жөнінде нұсқау берілген. Ал «ПетроҚазақстан» ААҚ болса бұл нұсқауды қуатсыз деп танып, компанияның іскерлік беделіне келтірілген залал-зардапты өтеп беруді талап етіп отыр.
Сот мәжілісі осымен үшінші мәрте өткізілді. KZ-today тілшісіне мәлім болғанындай, бүгінгі отырыс барысында сот төрешісі Айгүл Сапарова сотқа жауап беруші ретінде қатысып отырған ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінен өз позициясын дәлелдеу үшін қосымша құжаттарды талап еткен. Осыған байланысты сот отырысы барысында 20-қараша, бейсенбіге дейін үзіліс жариялануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар