Билеттер сатылымынан түскен қаражат «SOS Астана балалар қалашығы» тәрбиеленушілерінің еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқуына және Балалар қалашығында концерт алаңының құрылысына жұмсалады.
Бағдарлама шеңберінде классикалық музыка ансамблінің, «Версия» вокалды-аспаптық ансамблінің, балет труппасының орындауында музыкалық нөмірлер, бал билері, лотерея, әйгілі қазақстандық суретшілер жұмыстарының аукционы өткізіледі. Лотереяда Еуропаның кез келген қаласына барып қайтуға үш билет, Chantecler зергерлік үйінің бағалы әшекейлері,елорданың таңдаулы мейрамханаларында үш рет тамақтану билеттері ойналады. Дресс-код: black tie, кешкі киім.
Кешті әйгілі қазақстандық шоумен Серік Ақышев жүргізеді. Билет құны — 15 000 теңге.
Іс-шараны «Air Astana» әуе компаниясының көмегімен «Radisson Astana» қонақ үйі мен «Болашақ» қайырымдылық қоры ұйымдастырады.