Жарияланды: 480

Астана қаласында VII Халықаралық "ТрансЕуразия-2008" форумы шеңберінде "Транзит-ТрансКазақстан" көрмесі ашылды

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында VII Халықаралық "ТрансЕуразия-2008" форумы шеңберінде "Транзит-ТрансКазақстан" көрмесі ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмені ҚР Көлік және коммуникация министрі С.Ахметов ашты. Қазіргі таңда "Transit-TransKazakhstan" Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде жүк тасымалы, көлік және логистикаға арналған ең ірі арнайы мамандандырылған көрме болып табылады. Көрменің жұмысына әлемнің 10 мемлекетінен 80-нен астам компания қатысты. Әдеттегідей Латвия мен Литваның көліктік компаниялары бірігіп дайындаған стенділерін тарту етті. "Transit-TransKazakhstan" экспозициясы көлік кешенінің барлық саласын қамтыды: темір жол, теңіз көлігі, автомобиль және әуе көлігі, аралас тасымалдар, жеткізу қызметтері, логистика, порттар, терминалдар, жүктерді тасымалдауға арналған жабдықтар, т.б. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов "Transit-TransKazakhstan" көрмесін ашып, оған қатысушыларға былай деді: "Еуразия құрлығының көліктік-коммуникациялық кешенін дамыту болашағына арналған "ТрансЕуразия" халықаралық конференциясының аясында халықаралық көрменің жұмысын ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Конференция мен көрменің қатар ұйымдастырылуы оған қатысушыларға үлкен мүмкіндіктер береді. Мұндай шаралар транзитке қажетті қазіргі заманғы көліктік және логистикалық жүйлердің барлық түрі туралы, Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын одан әрі дамыту болашағы жайында және еуразиялық бағытта транзиттік тасымалдар көлемінің ұлғаю динамикасы жөнінде толыққанды ақпаратпен қатысушы барлық жақты қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мемлекет ретіндегі беделін арттыруға көмектесетіні сөзсіз". Қазақстанның көліктік жүйесінде темір жол көлігі маңызды орын алады. Ол жүк айналымының 80 пайызын құрап отыр. Темір жолдардың қолданыстағы ұзақтығы жөнінен республикамыз ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Бүгінде Қазақстанның темір жол саласында құрылымдық және экономикалық өзгерістер болып жатқаны белгілі. Петропавлдағы Куйбышев атындағы зауыт (бүгінгі атауы - "Зиксто" АҚ) жаңғыртылды. Бұл зауытта қазіргі таңда төрт жартылай вагоннан тұратын тәжірибелі партия дайындалды. Болашақта Астанадағы зауыт соңғы үлгідегі локомотивтерді шығара бастайды. Еркін экономикалық аймақ индустриалды паркінің аумағында локомотив жинайтын зауытты салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның құрылысын аяқтау 2009 жылдың тамызына жоспарлануда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть