көші-қон заңы талаптарын өрескел бұзғаны анықталды.
Елорда прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қадағалаушы орган Астананың Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексерген болатын. Нәтижесінде басқарманың қаладағы әртүрлі кәсіпорындарға шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсатнама беру кезінде заңды белшеден басқаны белгілі болды.
Атап айтсақ, басқарма ведомство аралық комиссияның ұсынысы бойынша 60 кәсіпорынға 2253 рұқсатнаманы артық бөлген.
Заңсыз берілген рұқсатнамалардың күші жойылып, жұмыс берушілермен жұмыс істеу жөніндегі аға маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды, делінген хабарламада.