Жарияланды: 160

"Астана" құрамы "Қайратқа" қарағанда 7,5 миллион еуроға қымбат

"Астана" құрамы "Қайратқа" қарағанда 7,5 миллион еуроға қымбат

Қазақстан чемпионатында "Астана" футболшыларының трансфер құны ең жоғарғы.


Transfermarkt мәліметі бойынша, команданың қазіргі құрамының құны 24 миллион 350 мың еуро. Ал чемпиондық таласта астаналық клубтың басты қарсыласы "Қайрат" ойыншыларының құны 16 миллион 800 мың еуро, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайратқа" қарағанда "Астана" сапында легионерлер де көбірек (11, алматылық клубта 8) екенін айта кетейік. 

Ал  ең арзан футболшылар құрамы "Қызыл-Жар СК" клубында - бір миллион 450 мың еуро.

Ең қымбат ойыншылар көрсеткішін де келтірейік. "Астана" сапындағы қазақстандық Дмитрий Шомко және ганалық Патрик Твумасидің құны екі миллион доллар деп бағаланып отыр. "Қайрат" сапында ең қымбат ойыншы Бауыржан Исламханның да трансфері екі миллион.

Алматылық клубтың бір артықшылығы - премьер-лигадағы ең жас ойншылардан тұрады, футболшылардың орташа жасы - 25,2. "Астана" - 26,5. Ал жасы ең үлкен ойыншылардан құралған команда - "Ордабасы" - 29,1.

Еске салайық, таяуда "Астана" бас жаттықтырушы Станимир Стойловпен келісім-шатты созды. ҚПЛ трансфері 11 қаңтарда ашылған, ал 3 сәуірде жабылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть