"Астана Раушан кассасы айналымы" қаржы пирамидасы болып шығып, ел шулап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана Раушан кассасы айналымы" қаржы пирамидасы болып шығып, ел шулап жатыр

"Астана Раушан кассасы айналымы" қаржы пирамидасы болып шығып, ел шулап жатыр

Елорда азаматы құрған бұл қаржы пирамидасына мыңнан аса адам тартылып, алаяқтық құрбаны болған.

  • 3 Тамыз 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Нұр-Сұлтан" экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында "Астана Раушан кассасы айналымын" деп аталатын қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттерін жолын кескен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл пирамиданы алдау арқылы жеке адамдардан ақша тартқан елорда тұрғыны 2020 жылдың қаңтарында құрған. Қаржы пирамидасы құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мыңнан астам азаматы оның құрығына ілінген, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (ірі көлемдегі ақшаны пайдаланатын пирамида схемасын құру және басқару) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жоғарыда аталған пирамиданың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеу департаментіне (Желтоқсан көшесі, 43, тел 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316) хабарласу сұралады.

Соңғы жаңалықтар