Астанада 1 жарым жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 1 жарым жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды

Астанада 1 жарым жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды

Періштесі қаққан сәби! Астанада 1 жарым жасар бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды.

  • 27 Қыркүйек 2013
  • 452
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға Елорданың қақ ортасындағы осы тұрғынүйде болған.  Көргендердің айтуынша, бүлдіршін терезеге тағылған тордан ауып кеткен. Абырой болғанда бас айналатын биіктіктен жерге қарай құлдилаған сәби жұмсақ топыраққа түсіп, тірі қалыпты. Ал, үйде кішкентайға бас-көз болып отырған әжесінің немересінен қалай көз жазып қалғаны белгісіз. Қазір сәбидің жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер шұғыл  операция жасап, езіліп кеткен көк бауырын мүлдем алып тастапты. Ең өкініштісі, бұл балаларға қатысты алғашқы қайғылы оқиға емес. Биылдыққа  Астанада көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 35 бала құлап, оның төртеуі сол мезетте шетінеп кетіпті.