Жасөспірім қызды 8 маусымнан бері іздестіріп жатыр.
«8 маусым күні қыздың әкесі полицияға шағым түсірген. Іздестіру жұмыстары бірден басталды. Кәмелетке толмаған қызды табу үшін ювеналды полиция, учаскелік инспекторлар мен өзге де бөлімшелерден арнайы топ құрылып, қалалық ІІД-нің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды», – деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Желіде қыздың жоғалғаны туралы жазба астында оның табылғаны туралы ақпарат жазылған. Алайда оның қаншалықты рас екені белгісіз. Полицейлер тексеру жүргізуде.
Оқи отырыңыз: