Жарияланды: 40

ШЫҰ саммиті: Циндао декларациясы қабылданды

ШЫҰ саммиті: Циндао декларациясы қабылданды

Алғаш рет сегіздік форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 18-ші саммитінде Циндао декларациясы қабылданды.

Құжатқа ұйымға мүше 8 мемлекеттің басшылары қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Сондай-ақ Президенттер 17 құжатты рәсімдеді. Олардың қатарында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт ережесін жүзеге асырудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту жөніндегі шешімі, 2019-2021 жылдарға арналған терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық бағдарламасын бекіту шешімі, 2018-2023 жылдарған арналған есірткіге қарсы стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту шешімі, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық бағдарламасы жобасын әзірлеу жөніндегі шешімі, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын бекіту туралы шешімі сынды 12 құжат бар.

Мұнан бөлек, ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшыларының жастарға бірлескен үндеуі, ШЫҰ кеңістігіндегі эпидемиялық қатерге қарсы ортақ іс-қимыл туралы бірлескен мәлімдемесі, Сауда процедурасын жеңілдету жөніндегі бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Айта кетейік, құжаттарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди қол қойды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін