Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады - Астана әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады - Астана әкімі

Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады - Астана әкімі

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады. Бұл туралы қала әкімі Асқар Мамин қалалық мәслихаттың сессиясында сөйлеген сөзінде хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Атап айтсақ, алдағы 3 жылда Астанада 60 балабақша, 31 жалпы білім беретін мектеп, 3 кәсіптік-техникалық мектеп салу жоспарланған», -деді әкім.

2008-2010 жылдарда бұған қоса Елордасында 40 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде республикалық диагностикалық орталық, жедел жәрдем ҒЗИ, нейрохирургия ғылыми орталығы, кардиохирургиялық орталық пен 3 амбулаториялық-емхана кешені салынады.

«Келесі жылы Астанада жаңа киноконцерт залы, жаңа Конгресс-Холл, велотрек, теннис корты мен 30 мың көрерменге есептелген жабық стадион ашылады», — деді әкім.

Ағымдағы жылы Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп, 3 балабақша, 4 ірі амбулаториялық-емхана кешені, Ана мен бала орталығы, балалардың реабилитациялық орталығы, сондай-ақ, бірнеше мәдени нысан, соның ішінде Ақмол ауылында саяси нәубет және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені, «Астана жұлдызы» монументі, «Халықтар Достығы» монументі мен Бөгенбай батыр ескерткіші ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті