«Таңғы сағат 07-00 шамасында Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына Иманбаев көшесі бойындағы үйден бір азаматтың 8-ші қабаттағы өз пәтері терезесінен секіріп кеткендігі жайында ақпарат түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның 1991 жылы дүниеге келген Астана қаласының тұрғыны А есімді азамат екендігін анықтады», — делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратына қарағанда, терезеден секірген азамат шұғыл арада ауруханаға жеткізілген. Алайда, ол алған жарақаты салдарын қаза тапты.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Мұндай қадамға жас жігітті қандай жайт итермелегендігі анықталуда», — деп мәлім етті Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.