Астанада 244 мың сайлаушы тіркелген - қалалық әкімшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 244 мың сайлаушы тіркелген  - қалалық әкімшілік

Астанада 244 мың сайлаушы тіркелген - қалалық әкімшілік

АСТАНА. 15 тамыз. Kazakhstan Today. Астана қалалық әкімшілігі сайлаушылар тізімін салыстыра тексеріп шықты. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында қалалық ішкі саясат департаментінің директоры Арын Орсариев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Тұтастай алғанда мекен-жай бюросының базасынан 18 жасқа жетпеген азаматтар мен екі жерде тіркелген азаматтарды шығару арқылы біз 244 мың адамнан құралған сайлаушылар тізімін жасадық», — деді А. Орсариев.

«Статистикаға сәйкес Астанада 500 мың адам тұрады. Сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толмаған азаматтар мен Елордасында тіркелмеген азаматтар енгізілген жоқ», — деді ол.

«Егер адам сайлаушылар тізімінде жоқ болып шықса, онда сайлау күні өзінің тіркеуде тұрғандығын растайтынчқұжат ретінде үй кітабын әкелуге тиіс», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті