Астанада адам бүйрегін заңсыз алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелмек - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада адам бүйрегін заңсыз алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелмек

Астанада адам бүйрегін заңсыз алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелмек

Астаналық полицейлер алғаш рет Қазақстанда адамның дене мүшелерін заңсыз алу және сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

  • 30 Қазан 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны елорда тұрғыны үшін өз бүйрегін кесіп алғызған.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысының тұрғыны 40 жастағы ер адамның арызына сәйкес адамның дене мүшесін заңсыз сату-сатып алу келісімі бойынша астаналық әйелге қатысты сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті ҚР ҚК 116 бабы (тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз келісім жасау) бойынша Сот алдындағы тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тергелетін қылмыстық іс аясында комиссиялық сараптама мен сот-медициналық зерттеулер тағайындалды.


Қазақстанда аталған бап бойынша тергеу жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатыр. Бұрын мұндай қылмыстық іс қозғалмаған.

Соңғы жаңалықтар