Астанада әйелін өртеп өлтірген қаскөйдің келіні мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әйелін өртеп өлтірген қаскөйдің келіні мәлімдеме жасады

Астанада әйелін өртеп өлтірген қаскөйдің келіні мәлімдеме жасады

Күллі елге аты шыққан Сәдуовтар отбасында кезекті жанжал! Әйелін көптің көзінше өртеп жіберген Қанат Сәдуовтың енді келіні шағымданып жатыр. Айтуынша, күйеуі, яғни Қанаттың інісі Марат ұлын қайтармай жүр.

  • 4 Маусым 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Мәдина Дәулетқұлова жолдасымен дәм-тұзы жараспай заңды түрде  ажырасқан екен. Бірақ Марат Сәдуов 10 жасар Ілиясты күштеп Ақмола облысына алып кетіпті. Баланы анасымен қалдыру жөнінде шыққан сот шешімін де пысқырмаған. Қайнағасының қылығынан қатты шошып қалған келіншек енді баласы үшін де қатты алаңдап отыр. Марат Сәдуовтың ағасы Қанат, жақында әйелін мектеп ауласында үстіне от қойып өлтірген еді. Светлана Сәдованың артында 4 баласы жетім қалды. Қаскөйдің өзі әлі бостандықта жүр.