Астанада әйелін тірідей өртеген қаскөйге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әйелін тірідей өртеген қаскөйге іздеу жарияланды

Астанада әйелін тірідей өртеген қаскөйге іздеу жарияланды

Әйелін көпшіліктің көзінше өртеп жіберді. Астананың қақ ортасында 40 жастағы азамат келіншегінің үстіне бензин құйып, от қойды.

  • 27 Мамыр 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

Оқиға №25 мектептің маңында болған. Қаскөй осы білім ордасында қазақ тілінен сабақ беретін келіншегін далаға шақырып алдымен ұрып кейін үстіне бензин құйып өртепті. Отқа оранған әйелге өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, құтқарып қалған. Денесінің 60 пайызын күйік шалған мұғалім қазір өлім аузында жатыр. 4 баласы бар ерлі-зайыптылар екі жыл бұрын ажырасып кеткен екен. Әрі күйеуі бұған дейін де, отбасында талай жанжал шығарғаны үшін жазаланған. Күллі елді шошытқан қаскөй әлі ұсталған жоқ.