Астанада алты балабақшаның құрылысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алты балабақшаның құрылысы басталды

Астанада алты балабақшаның құрылысы басталды

Астанада 2020 жылға қарай үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды жоспарлап отыр.

  • 29 Желтоқсан 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Астанада әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 680 орынға арналған алты балабақшаның құрылысы басталды (пайдалануға 2019 жылы беріледі).

2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз қамту жоспарлануда.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамту 28,2% құрайды. (былтыр 70,6% болған).

2017 жылы туу санының өсуі мен көші-қонның есебінен халықтың ағылып келуіне байланысты балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту және тәрбиелеу үшін екі мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Тағы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 980 орынға арналған екі балабақша пайдалануға берілетіні жоспарлануда.

Осы жылы қазан айында 79 жекеменшік балабақшаға 9 076 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп, қосымша 300 млн теңге бөлінді.


Жалпы алғанда жекеменшік балабақшаға мемлекеттік тапсырыс үшін 2,7 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар