Ал, зәулім үйдегі сабақ дәл осы бөлмеден басталады. Міне, оқытушы жасы оннан жаңа асқан қыздарға дастархан басында өзін ханшайымдардай ұстаудың қыр-сырын үйретуде. Бұл жерден қазақ қызы еуропалық тәрбие алады. Бұдан бөлек, түрлі ұлттың асын әзірлеуге де дайындайды. Ал, оюмен өрнектелген мына бөлме жеткіншектерді қазақы құндылықтарымызға баулиды екен. Сондай-ақ, үш қабатты ғимараттың ішінде би, тігін, тоқыма тіпті гольф пен үлкен теннис сынды сан түрлі үйірме де бар. Яғни, институттың бай-бағлан, қалтасында қаржысы бар кез-келген адамның қызын кербез, назды, қылықты, өнерлі етіп шығаруға мүмкіндігі бар. Ақысын төлесеңіз болғаны. Ал, оқу құны айына 50 мың теңге. Институт 8 жастан 18 дейінгі бұрымдыларды ғана қабылдайды.
Қарақат Әбден, Қазақ қызы институтының директоры:
-Оның тәрбиесі дұрыс болу керек қазақ қызы болу үшін. Ол домбыра ұстай білу керек, ол ана сүтімен келген салт-дәстүрді білу керек. Онымен қатар, атқа отыруды, гольфты, теннисті, дастарханда қалай отыруды , соның бәрін қазақ қызы білуі тиіс.